Түркістандық отбасы жеңіс тұғырынан көрінді

Түркістандық отбасы жеңіс тұғырынан көрінді

5 просмотров

Түркістандық отбасы жеңіс тұғырынан көрінді

«Отбасы – шағын мемлекет» — деген сөз бар қазақта. Шағын мемлекеттеріміздің соңғы уақытта жиі бұзылуы мемлекеттік мәселеге айналып үлгерді. Бұл үрдіс қазақ қоғамына жат. Сондықтан да, бірлігі мығым, бақытты отбасыларды арттыру қажеттілігі туындап отыр. Осы орайда республика көлемінде өткен «Жас отбасы – Otau Fest» байқауының алар орыны ерекше. Мұндай отбасылық онлайн сайыс елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. 14 облыс пен мемлекеттік маңызы бар 3 қаланың ең таңдаулы, үздік жанұялары бақ сынасып, жеңімпаздарын анықтады. Аталмыш бәсекеге 29 жасқа дейінгі отбасылар қатысқан, ал Түркістан облысынан 16 үміткер бақ сынап, үшеуі жүлделі орындарды иемденген.

Қоғамдық келісім туралы ақпарат және информаттка министрлігі ұйымдастырған сайыс барысында отбасылар үшін арнайы мастер-класстар мен семинарлар өткізілген. Тікелей эфирде танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, қатысушыларға тамаша көңіл-күй де сыйлады. Алғашқы рет ұйымдастырылса да, іс-шара өте жоғарғы деңгейде өткен. Өңір атынан қатысып, жеңіске жеткендер ішінен бірінші орынға қол жеткізген Түркістан қаласының тұрғындары Ойсановтар отбасы болды. 2 ұл тәрбиелеп отырған жанұя өзінің өнегелі, елге үлгі боларлық шаңырақ екенін дәлелдеген. Жеңіс тұғырынан көрінген үш отбасыға да 100 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *