Түркістандық полицейлер 5-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарды (видео)

Түркістандық полицейлер 5-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарды (видео)

113 просмотров

Түркістандық полицейлер 5-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарды (видео)

Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын, белгісіз әйелден өзін жайсыз сезініп, өлгісі келетінін айтқан хабарлама келіп түсті. Осы хабарлама бойынша оқиға орнына 5 минут ішінде шұғыл жедел-тергеу тобы жетіп, онда көпқабатты тұрғын-үйдің 5-ші қабатынан белгісіз әйелдің өз-өзіне қол жұмсамақ болып, балконнан секіруге оқталып тұрғанын көреді. Адам өміріне қатысты жағдайды оң шешу мақсатында оқиға орнына жеткен учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Болат Оразбеков, полиция лейтенанты Қайрат Нармухамедов, полиция лейтенанты Нұрғиса Жұмабайлар тез арада жоспар құрып, әрекетке кірісті. Полиция майоры Болат Оразбеков әйелді сөзге тартып, қауіпсіздік шараларын жүзеге асырып, оның секіруіне кедергі келтіріп тұрса, полиция лейтенантары Нұрғиса мен Қайрат құлыптаулы болған пәтердің есігін бұзып кіріп, өлгісі келген әйелді балконда салбырап тұрған жерінен құтқарып қалды. Инспекторлар әйелді қауіпсіз жерге шығарып, медициналық көмек көрсетті. Аталған жайт Түркістан ҚПБ-на ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін оқталу» бойынша тіркеліп, СДТТБТ-не енгізілді. Тексеру барысында, әйел өмірге қапалы екенін, денсаулығы болмай жүргенін, азын-аулақ тұрмыстық мәселелерді көтере алмай қалып, өзінің не істегенін байқамай қалғанын айтады. Полицейлер әйелдің өмірін сақтап қалумен қатар, дәрігерлер мен психологты шақыртып, қажетті шараларды жүзеге асырды.

Бір адамның өмірі құтқарылды.Түркістандық полицейлер 5-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқардыТүркістан ҚПБ-ның…

Опубликовано Кайратом Зайнишевым Среда, 4 марта 2020 г.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *