ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА БАР ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА БАР ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

2 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА БАР ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

Түркістан қаласы әкімдігінің спортты дамыту бөлімінің мәліметіне сүйенетін болсақ бүгінгі таңда қалада 194 спорт нысандары бар. Оның ішінде: 2 стадион, 5 спорт кешені, 133 спорт ойын алаңдары, 7 теннис корты, 4 жүзу бассейні, 43 спорт залдары бар. Бөлімге қарасты 5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері қызмет атқарып, аталмыш спорт мектептерінде спорттың 12 түрінен 2196 баламен 56 жаттықтырушы жұмыс жасайды. Сондай-ақ, А.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тәрбиеленіп жатқан балалар саны 846, жаттықтырушылар саны 50. Ал, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Орталық су спорт кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 117 балаға 5 жаттықтырушы су спортының қыр-сырын үйретеді.

Айта кетейік, әлемді жаулаған коронавирус індеті барлық салаға өзінің кері әсерін тигізіп отырғаны рас. Сол секілді спорт саласына да. Биыл төрт жылдықтың басты бәсекелері Токио олимпиадасы мен Еуропа чемпионаты, басқа да әлемдік деңгейдегі додалар өтуі тиіс еді. Өкінішке орай, спортшылар мен миллиондаған жанкүйерлер күткен тартысты ойындар кейінге шегерілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *