ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫСХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫСХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

33 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫСХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласында пандемия кезінде әлеуметтік көмекті үлестіруге атсалысқан ерікті жастарға Елбасының Алғыс хатын тапсыру салтанатты іс-шарасы өтті. Марапатты облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев тапсырды.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫСХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ


Жастардың елге деген жанашырлығын жоғары бағалаған өңір басшысы «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен,»Nur Otan» партиясының үйлестіруімен елімізде «Біз біргеміз» акциясы қолға алынды. Акция Түркістан облысында жоғары деңгейде өтіп жатыр. Игі істі жүзеге асыруда ерікті жастарымыз елге көмектесті. Карантинде де жұмыс істедіңіздер. Еңбектеріңізді Елбасы бағалап отыр. Отаншыл, мемлекетшіл азаматтар өздеріңіздей жалынды жастардың арасынан шығады»,- деді. Жастарды Түркістан облысының құрылғанына 2 жыл толуымен құттықтады.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫСХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялаған болатын. Өңірдегі еріктілер сенімді ақтап жүр. Осы орайда «Біз біргеміз» акциясын жүзеге асыруға көмектескен Түркістан облысы «Jas Otan» жастар қанатының 138 еріктісі де Елбасы Алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты жиында облыстық «Жастар ресурстық» орталығының директоры Амалбек Өміртай өңір басшысына жастар атынан волонтерлардың бас киімін тапсырды. Облыстағы 40 мыңнан астам әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмекті үлестіруге 600-ден астам қоғам белсендісі, еріктілер атсалысты.
COVID-19 дертіне қарсы күресті күшейту және мұқтаж отбасыларға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен «BIRGEMIZ» республикалық қоры құрылды. Бұл қорға «Nur Otan» партиясы мен Тұңғыш Президент қоры, депутаттар, меценаттар, кәсіпкерлер қаржы бөлді. Белсенді азаматтардың қолдауының арқасында еліміздің барлық аймақтарындағы жалғызбасты қарттарға, көпбалалы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға және өзге де азаматтарға көмек көрсетілді.
Аталған қор арқылы 470 мыңнан астам отбасына 50 мың теңгеден аударылған. Түркістан облысында 40 мыңнан астам отбасыға азық-түлік берілсе, Түркістан мен Кентау қаласындағы 17 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды. «Біз біргеміз» акциясы арқылы жәрдем көрсету белсенділігі мен отбасыларды қамту көрсеткіші бойынша «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы республикада екінші орынды иемденіп отыр.
«Jas Otan» жастар қанаты бүкіл ел бойынша 5 мыңнан астам волонтерді жұмылдырып, 268 мыңдай отбасыға азық-түлік себеттерін, маскалар мен ең қажетті заттарды жеткізіп берді. Халықтың қорғанысы әлсіз бөлігіне жататын 100 мың отбасыға 5 миллион тегін маска үлестірілді.
«Birgemiz» қоры есебінен Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен Достық ауылының тұрғындары үшін 20 жаңа үйлер құрылысы жүргізіліп жатыр. Оған 340 млн. теңге бөлінді. Жалпы, төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап «нұротандықтар» еліміздің барлық өңірінен Түркістан облысына азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдары мен жеке гигиена құралдарын жіберді.
Түркістан облысында төтенше жағдайға байланысты «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры жұмыс істеп тұр. Мұқтаж жандарды қолдауға бағытталған «Біз біргеміз» акциясына партия филиалдары, аудан, қала әкімдері, «жасотандықтар», партия фракциясының мүшелері, ерікті жастар және кәсіпкерлер мен мәслихат депутаттары атсалысты. Бұл бағыта жұмыс жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *