ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР СУДЫ ҮНЕМДІ ҚОЛДАНУҒА ШАҚЫРДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР СУДЫ ҮНЕМДІ ҚОЛДАНУҒА ШАҚЫРДЫ

15 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР СУДЫ ҮНЕМДІ ҚОЛДАНУҒА ШАҚЫРДЫ

Түркістандық ерікті жастар «Судың да сұрауы бар» атты жаңа жобаны қолға алды. Басты мақсат – көпшілікті ауыз суды үнемді қолдануға шақыру.
Жоба аясында жастар мемлекеттік мекемелерге, орта арнаулы оқу орындарына, жоғары оқу орындарына және халық тығыз шоғырланған жерлерде суды үнемдеу жолдары жазылған арнайы брошуралар таратты. Мейрамханалар мен дәмханалардағы қол жуатын, су тұтынатын жерлерге арнайы жадынамаларды жабыстырды.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР СУДЫ ҮНЕМДІ ҚОЛДАНУҒА ШАҚЫРДЫ

«Қоғамда суды үнемдеу жолдарына мән беру керекпіз. Әлемде, жер шарында ауыз су ең үлкен өзекті мәселеге айналып келеді. Сондықтан табиғаттың беріп отырған сыйын біз тиімді пайдалану керекпіз. Су үнемдеу мәдениетін қалыптасырып, қадіріне жете білейік», – дейді Жастар ресурстық орталығы КММ директорының міндетін атқарушы Амалбек Өміртай.
Ерікті жастың бірі Сабина Каюмова бұл жобаға қатысуға он күн бұрын өтініш білдіріпті. Қоғамға пайдалы іске қолғабыс етуді жастайынан меңгерген ол жаңа жобаның берері мол деп біледі.

«Су тіршілік көзі. Сондықтан барынша үнемдеп пайдалануымыз қажет. Біз қоғамдық орындарды аралап жоба бойынша насихат жұмыстарын жүргіздік. Көпшілік жақсы қабылдауда. Күтіп отырған нәтижелеріміз де көп» – дейді ерікті жас.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *