ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАРМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАРМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

6 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАРМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастырумен облыстық жастар ресурстық орталығында Нұр -Сұлтан қаласы, «Ахыска» түрік этно-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Әскер Пириев, CTS компаниясының баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова, «Lingva TEN» тіл орталығының жетекшісі, дәрігер-полиглот Владислав Тен түркістандық өрендермен арнайы кездесті.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАРМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Еркін форматтағы бұл шараға қала аумағындағы белсенді жастар мен жастар орталығының мамандары қатысты. Үштілділік саясаттың озық мақсаттарын алға тартқан қонақтар бүгінгі буынға ағылшын тілін үйренудің қыр-сырын түсіндірді. Мастер-класс барысында жас буын өкілдері шет тілін меңгеру алдымен өзіміз үшін, сосын еліміз үшін пайдасы мол деген түсінікте екендерін жеткізді.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген ұстанымда өткен жиын барысында жастар қонақтардан көкейде жүрген сұрақтарына жауап ала алды. Ұлты орыс болса да, қазақ тілін жетік меңгерген тіл маманы Оксана Лоскутова: «Қазақ тілінің тарихы мен сөздік қоры өте бай. Сырттан қарағанда қиын тіл болып көрінгенімен, үйренуге жеңіл, сөйлесуге жағымды тіл»,- деп өз ойын жеткізді.

«Ағылшын тілі — бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан оны білу арқылы болашағымызға даңғыл жол ашамыз. Әлемнің кез-келген еліне барып, ағылшын тілі арқылы тілдесіп кете беруге болады. Жаңа облыс орталығының болашағы мен келешегі сендердің қолдарыңда, сол үшін ең алдымен көп тіл білуге ұмтылыңдар»,- деп Әскери Пириев Түркістан облысының жастарымен өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Басқосудың соңы жастардың көңілді отырысымен аяқталды. Гитарамен ән шырқап, Абай Құнанбайұлының әндерін шырқады. Түркістан облысының белсенді жастары тіл жанашырларымен өткен кездесуден соң, үлкен мотивация алып тарқасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *