ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

5 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Түркістан облысында  Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырдағы Үндеуінде мәлімдеген болатын. Аза тұту шарасына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысты.

 «Құрметті түркістандықтар! Қадірменді жерлестер! 2020 жылғы 13 шілдені ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық инфекциядан қаза тапқандарды еске алу –   Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.  Биылғы жылғы  коронавирустық инфекциясы әлем бойынша алапат шығын әкелді. Аталған дерттің салқыны елімізді де айналып өткен жоқ. Біздің мемлекетіміз үшін әрбір адамның өмірі қымбат. Десек те, аты жаман індеттен  қаншама отбасы қара жамылып, ұл-қыздары,  туған-туыстары қайғы-қасіретке душар болды. Осы ретте мезгілсіз дүниеден өткен марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.  Қазақта «Тас түскен жеріне — ауыр» деген сөз бар, ендеше  бекем болыңыздар! Мен Сіздердің қайғыларыңызға ортақпын», – деп Өмірзақ Естайұлы әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен басталған шара Түркістан қалалық орталық аурухана ғимаратының алдында және Рәміздер алаңында да бір мезетте жалғасын тапты. Дәл осындай аза тұту шарасы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің маңында орналасқан Рәміздер алаңында да өтті. Сондай-ақ, аудан, қалалардағы барлық мемлекеттік мекемелерде індеттен қаза болғандарды 1 минуттық үнсіздікпен еске алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *