ТҮРКІСТАНДЫҚТАР «ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖҰМЫСЫН ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАЙ АЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР «ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖҰМЫСЫН ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАЙ АЛАДЫ

12 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР «ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖҰМЫСЫН ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАЙ АЛАДЫ

Бұл бақылау жүйесі елімізде алғаш рет Түркістан қаласында іске қосылып отыр. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының тапсырмасымен жүзеге асқан жүйені таныстыру мақсатында қалалық әкімдік өңірдегі БАҚ өкілдеріне пресс-тур өткізді.

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР «ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖҰМЫСЫН ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАЙ АЛАДЫ

 «Халықты жұмыспен қамту орталығының» қабылдау бөліміндегі әр маманның жұмыс стөліне бір-бірден жалпы саны 18 бейнекамера орнатылған. Бейнебақылау жүйесі арқылы қызмет алушы мен қызмет беруші арасындағы сұхбат жызылып қана қоймай, оны кез келген тұрғын онлайн режимде http://www.turkistan2020.kz сайтыннан көріп бақылай алады.

Тиісті мамандар қызмет алушылардан әңгіменің жазылатыны және онлайн форматта кез келген азаматтың көре алатыны жайында алдын ала ескертіп, рұқсаты алынады. Негізінен облыс орталығында «Халықты жұмыспен қамту орталығында» 2 ауысыммен 18 қызметкер жұмыс атқарады. Әдеттегі күнделікті қабылдау қабілеттілігі 120 тұрғын, карантин кезеңінде 45 тұрғын. Орталықта мемлекеттік 8 қызмет түрі көрсетіледі.

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР «ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖҰМЫСЫН ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАЙ АЛАДЫ

Сондай-ақ, 2020 жылдың 20 қарашасынан бастап іске қосылған «109 — бірыңғай байланыс орталығында» қазіргі таңда 10207 өтініш қабылданып, оның 10141-і шешімін тапқан. Қалған 66 өтінім бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Тұрғындардың шағымын қабылдайтын заманауи техникалармен жабдықталған орталық мамандары түркістандықтарға жайлылық жасау мақсатында тәулік бойы қызмет көрсетеді.

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР «ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖҰМЫСЫН ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАЙ АЛАДЫ

Шағым-өтінімдер жарық, газ, жылу салалары бойынша ең жиі қолданылатын барлық әлеуметтік желі құралдары және тегін қоңырау шалу арқылы қабылдануда. Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың айтуынша, қабылданған өтінімдердің 25-30 пайызы түсініктеме-нақтылама жұмыстарын қажет етеді. Баспасөз конференциясын өткізген қала әкімі журналистердің сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелердің шешімін табатындығын сөз етті.

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР «ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖҰМЫСЫН ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАЙ АЛАДЫ

Айта кету керек, алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігін азайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында облыс аумағындағы барлық қала-аудандарда «109 — бірыңғай байланыс орталығы» ашылатын болады. Қазіргі таңда жүйе халықпен кері байланыс орнатуда тиімділігі жоғары екендігін аңғартып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *