ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТАҒЫ БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА САЛЫП БЕРДІ

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТАҒЫ БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА САЛЫП БЕРДІ

48 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТАҒЫ БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА САЛЫП БЕРДІ

Түркістан қаласы «Бекзат» мөлтек ауданында мектепті 2000 жылы бітірген түлектер сыныптастарына баспана салып берді. 4 бөлмелі жаңа үй Жарқынбек Сабыровтың өзінің тұрып жатқан шаңырағының ауласынан тұрғызылған.
Қоныс тойын тойлаған азамат 4 перзенттің әкесі. Ата-анасымен бірге тұрады. Денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз. Қаржы тапшылығы қолбайлау болып, біраздан бері тозығы жеткен үйді паналауға мәжбүр болған.

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТАҒЫ БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА САЛЫП БЕРДІ

  «Құрдасымыздың үйі ескірген. Білуімізше, өзінің күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, 1983 жылы туған азаматтар өзіміз ақылдаса келе көмек қолын созуды жөн көрдік. Құрылыс жұмыстары 1 жылға созылды. Алла сәтін салып, барлығы жаспарлағанымыздай жүзеге асырылды»,-деді ұйымдастырушылардың бірі Ізбасар Есекеев.

Үй иесінің қайырымдылық іс жасаған құрдастарына айтар алғысы көп. Оның сөзінше, қатарластарының мұндай қарекетін күтпеген. Аула қоршауының жаңартылғанына да дән риза.

 

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТАҒЫ БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА САЛЫП БЕРДІ
Айта кетейік, мұндай игі іске 1982 жылы туған азаматтар бастамашы болған. Нақтырақ айтқанда, 2019 жылы тұрмысы төмен сыныптастарына үй салып берген. Ізгі амалды жалғаған 20 жылдық түлектері қайырымдылық акциясын барша қазақстандықтарға жолдайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *