ТҮРКІСТАНДЫ ГАЗДАНДЫРУ ЖОСПАРЫ АЙҚЫН

ТҮРКІСТАНДЫ ГАЗДАНДЫРУ ЖОСПАРЫ АЙҚЫН

18 просмотров

ТҮРКІСТАНДЫ ГАЗДАНДЫРУ ЖОСПАРЫ АЙҚЫН

Түркістанда газ құбырлары биыл 100 пайыз жүргізіліп, шаһардағы әр үйдің көгілдір отынмен қамтылуына мүмкіндік тумақ. Бұл әуелден айтылып келе жатқан меже. Сол себепті, жауапты сала өкілдері газ құбырын әр үйге кіргізу үшін халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуі керек. Бүгінгі күні Түркістан қаласы әкімдігінің күн тәртібіндегі мәселелердің бастысы осы.

«Қаланың экологиясын білесіздер. Халыққа берген уәдені орындау керек. Орындай алмайсыздар ма, онда қызметті босату қажет. Сондықтан, биыл тұрғындар өз үйлерін жылыту үшін көмір жақпайтындай жағдай жасаңыздар», – деген қала әкімі Рашид Аюпов апталық мәжілісте қаладағы абоненттердің жылдам қосылу үшін жұмысты ширату қажеттігін ескертті.

Қазіргі уақытта қаланы газдандыру 65 пайызды құрап отыр. Айта кетейік, жыл соңына дейін қала аумағындағы төменде аталған аумақтарда газ құбыры жүргізіліп бітуі тиіс. Жалпы, ГРП-6, 7, 8 («Ыждыхат» тұрғын үй массиві), ПГБ 2, 3 («Шавгар» мөлтек ауданы және «Ортақ» тұрғын үй массиві) шілде айының соңында және ГРП 2,3 («Тұран» тұрғын үй массиві) және 4,5 («Бірлік» тұрғын үй массиві) тамыз айында, ПГБ-4 («Отырар» ықшам ауданындағы «Шипа су» маңайы, «Шавгар» ықшам ауданының аумағы, Қызылорда тас жолы бойындағы «Сауран» және «Яссы» мөлтек аудандары) қазан айының соңында, ПГБ-1 («Шавгар» (РМЗ аумағы), Теміржол вокзалы аумағы, қаланың орталық бөлігі (базар, Т. Бокин және т.б) қараша айында аяқталады деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *