Түркістанды жаппай көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірлескен жиналыс өтті

Түркістанды жаппай көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірлескен жиналыс өтті

6 просмотров

Түркістанды жаппай көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірлескен жиналыс өтті
Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы Мақсат Асылбекұлы мен Түркістан қалалық газ инспекциясы бөлімінің басшысы Сұлтанғали Иманғалиұлы қаламыздағы №4 С.Сейфуллин мектебінде қала тұрғындары мен кәсіпкерлеріне мөлтек аудандарды жаппай көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірлескен жиналыс өткізді.
Басқосуға «КазТрансГаз» мекемесінің мамандары мен 6 кіші мөлтек сектор басшылары да қатысты. Жиынның мақсаты – қаланы көгілдір отынға қосу барысындағы тұрғындар арасында туындап жатқан сұрақтар мен мәселелерді өз ауыздарынан тыңдап, оның шешілу жолдарын қарастыру болды.
Сонымен қатар, газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелеу мақсатында арнайы комиссия құрылған болатын. Осы жиынға комиссия мүшелерінің жұмысшы топ өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары Ақиқат Махмудұлы мен Ғалымжан Батырханұлы да қатысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды .
Тұрғындар арасында қазіргі таңда көптеп белең алып отырған мәселелер: сары жәшіктің толықтай қойылмауы, жүргізілген құбырларда кездесетін ақаулықтар және газ бағасының қаншалықты тиімділігі сияқты болып отыр Осы жоғарыда аталған мәселелер бойынша тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізе отырып, 6 кіші сектор басшылары халықпен тығыз байланысып жұмыс жасағанда ғана ол өз шешімін табатындығы жиын барысыда айтылып, жиын қорытындыланды..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.