Түркістанның көшелері жаңаруда

Түркістанның көшелері жаңаруда

5 просмотров

Түркістанның көшелері жаңаруда

Түркістан қаласындағы өзекті мәселелердің бірі жол сапасы еді. Соңғы бірнеше жылдарда тиісті деңгейде жөндеу жұмыстары жүргізілмеген көшелердің ажары қашып, қалаға келген қонақтардың сынына жиі ұшырайтын. Жылдар бойы қордаланған өзекті мәселенің түйіндері биылғы жылы біртіндеп шешіліп келеді. Бүгінде жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында 111,13 км қашықтықты қамтитын, 81 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу күн тәртібіне енген.

Жөндеу жұмыстарын қажет еткен 81 көшенің дәл қазіргі уақытта 91%-ында, яғни 70 көшені жөндеу жұмыстары басталып та кеткен. Бұл жолдардың ұзындығы 96,15 шақырымды құрайтынын айта кетейік. Жоғарыда айтылған көшелерде су жүйесіне арналған жаңа футляр орнатып, аяқ жолдардың жиек тасын орнату жұмыстары жүріп жатыр. 58 көшеге асфальт төселіп, 64 көшенің жаяу жүргіншілер жолағы орнатылған.

Сонымен қатар, М.Әбенов көшесі мен Б.Саттарханов көшесінің арасын жалғап тұрған Жібек жолы көшесіндегі 1,53 км қашықтықты құрайтын жолды қайта жаңғырту жұмыстары да басталды.

Көшелердегі жаңа жолдардың салынуын көрген қала тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Қала орталығындағы зәулім, сәнді ғимараттардан бөлек те қордаланған, түйіткілді мәселелердің шешілуі жағымды жаңалық екені сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *