Түркістанның тазалығына 100-ге жуық техника жұмылдырылған

Түркістанның тазалығына 100-ге жуық техника жұмылдырылған

4 просмотров

Түркістанның тазалығына 100-ге жуық техника жұмылдырылған

Бүгін таңертеңгілік уақытта Түркістан қаласы әкімінің орынбасарлары Мұрат Базарқұлов пен Жандос Тасов қаланы аралап, іске асып жатқан жұмыстар барысын бақылады.

Алдымен орынбасарлар күнделікті қала тазалығы үшін жұмылдырылған техникаларды көріп, қызметіне тоқталды. Қала тұрғындарының жайлылығы, қаланың тазалығы үшін техникалардың таңертеңнен іске кірісуінің маңызы зор екендігін айтып, жұмысты күшейтуді және тұрғындар тарапынан түсіп жатқан өтінімдерге назар аударуды ескертті. Жалпы, күніне 100-ге жуық техника көшелерді тазалау, сыпыру, жуу және қоқыстарды алу үшін жұмылдырылады. Сонымен қатар, күнделікті 400-ге тарта адам жұмыс жасайды. Көшелердегі қоқыстарды алу кесте бойынша жүргізіледі.

Құрметті қала тұрғындары!Егер көшедегі қоқыс уақытылы алынбаса немесе өз көшеңіздің қоқыс алу кестесін білгіңіз келсе @turkistan109 байланыс орталығына хабарлай аласыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *