Тұрғындардың мәселесіне ден қойылды

Тұрғындардың мәселесіне ден қойылды

7 просмотров

Тұрғындардың мәселесіне ден қойылды

«Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының ұйымдастыруымен, келіп түскен арыз-шағымдардың шешімін табу бойынша жеке қабылдау өтті. Атап айтсақ, «Жер қатынастары бөлімі» басшысы Қасымбеков Нариман Мұханбетұлы, Асанов Әбутәліп Сейденбекұлы «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің» сектор меңгерушісі және «Халыққа қызмет көрсету орталығының» қызметкері Сериков Нұрболат Мұхтарұлы тұрғындар үніне құлақ түрді.Алғашқы болып жалғызбасты ана өзінің үй кезегіне тұра алмай жүргенін айтып, көмек сұрап келген. 2019 жылы өз атында тұрғылықты үйі болып, сатып жібергенін айтады. Бұл мәселеге Әбутәліп Сейденбекұлы «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің» сектор меңгерушісі түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Үй кезегіне тұру үшін соңғы 5 жылда азаматтың және оның отбасы мүшелерінің меншік құқығында үй болмауы тиіс екенін, 5 жылдан соң ғана тиісті құжаттарды рәсімдеп, үй кезегіне тұра алатынын жеткізді.Мемлекеттік қызметте жұмыс атқарып, денсаулығына байланысты жұмыстан босап қалған көпбалалы ана тұрғын үй мәселесі бойынша келген. Азамат қызмет атқарып жүрген тұсата мемлекеттік баспанаға тіркелген. Қазіргі таңда жұмысынан босап қалуына байланысты, кезекте тұрған орны жойылып кетуі мүмкін ба деген сұрағына жауап іздеген. Бұл мәселе бойынша мекемеге келіп, көпбалалы ана ретінде тұрғын үй кезегіне тіркелу керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Үйі апатты жағдайда екенін жеткізіп, жер теліміне 2016 жылдан бері тіркеуде тұрған азамат жер ала алмай жүргенін айтады. Мәселемен танысып шыққан «Жер қатынастары бөлімінің» басшысы Нариман Мұханбетұлы жер өз кезегімен берілетінін түсіндірді. Сондай-ақ, тұрғылықты үйінің апатты жағдайда екенін дәлелдеп, сараптама жұмыстарын жүргізіп жағдайда, 3 бөлмелі тұрғын үй алу мүмкіндігі бар екенін жеткізді.Одан өзге де келген азаматтар өтінішінің басым көпшілігі тұрғын үй кезегі, әлеуметтік көмек алу сынды сауалдармен жалғасып, тұщымды жауаптар берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *