Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

2 просмотров

Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясының «Open space» үлгісіндегі ғимаратында қалалық мәслихаттың депутаты Мұстапаев Ержан Хабибуллаұлы қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар мәселесіне назар аударды.⠀

Жалғызбасты ана өз өтінішімен қоғамдық қабылдауға жұмыс іздеп келген. Мамандығы — есепші, ұзақ жылдар бойы бұл мамандықтан қол үзіп қалғанына байланысты, басқа салада жұмыс жасағысы келетінін жеткізді. Мәселенің мән-жайымен танысқан Ержан Хабибуллаұлы ең алдымен жұмыспен қамту орталығына барып тіркелу керектігін, жұмыстың реті содан соң шешілетінін айтты.Екінші кезекте көпбалалы ана, онлайн оқу жүйесіне байланысты балалары білім алып жатқан мектептен планшет алған. Алған планшет алдағы таңда бұзылған жағдайда ақысын төлеу қажеттілігі жайлы сыбыс естіп, осы мәселенің қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрай келген. Ержан Хабибуллаұлы бұл туралы «Адами капиталды дамыту бөліміне» хабарласып, толық мемлекет еншісінде екенін айтып, жыл соңында қайтарылатынын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *