"ТҰРАН" МЕН "ҚАЙСАР" ТАРТЫСТЫ ОЙЫН КӨРСЕТТІ

«ТҰРАН» МЕН «ҚАЙСАР» ТАРТЫСТЫ ОЙЫН КӨРСЕТТІ

3 просмотров

"ТҰРАН" МЕН "ҚАЙСАР" ТАРТЫСТЫ ОЙЫН КӨРСЕТТІ

Футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының ІІІ тур ойындары өтті. Түркістан облысының «Тұран» командасы өз алаңында Қызылорданың «Қайсар» футболшыларын қабылдады. «Тұран» ФК карантиннің барлық талаптарын сақтай отырып, «Turkistan Arena» стадионының трибуналарын 30 пайызға толтыруға рұқсат алды. Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев ойын барысын стадион трибунасынан бақылап отырды.Тұрандықтар алаң қожайындары ретінде есеп ашуға тырысқанымен, қарсыластарының осал тұсын таба алмады. Бас бапкер Абдухалық Бөрібаев алаңға тыңнан ойыншыларды шығару арқылы команданың шабуылы күшейе түсті. «Тұран» командасының шабуыл шегінде ойнаған Нкоби Чисом Стэнлидің орнына Темірлан Амиров алаңға шығып, кескілескен ойынның 90-шы минутында есеп ашты.Ойынның бітіуіне санаулы минуттар қалғанда «Қайсар» командасы қайсарлығын көрсетіп, есепті теңестіріп кетті. Матчтың 93-ші минутында «Қайсар» құрамасының ойыншысы Арман Кеңесов қақпаға соққы бағыттап, Андрей Пасеченко қорғаған қақпадан саңылау тауып кетті. Қорытынды есеп 1:1 болды.Осылайша екі команда ойынды тең нәтижемен аяқтап, ұпайларын бөлісті. «Тұран» командасы ІІІ турдан кейін 2 ұпаймен, турнир кестесінің 9-шы сатысына жайғасты. «Тұран» командасы сырт алаңда 10-шы сәуір күні, Алматының «Қайрат» командасымен кездесетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *