ТӨЛЕБИ АУДАНДАҒЫ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ БІР ДАСТАРХАНДА БАС ҚОСТЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНДАҒЫ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ БІР ДАСТАРХАНДА БАС ҚОСТЫ

25 просмотров

ТӨЛЕБИ АУДАНДАҒЫ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ БІР ДАСТАРХАНДА БАС ҚОСТЫ

Тасарық ауылында шешен диаспорасы Қазақстанға жер аударылғанына 76 жыл толуына және 1 наурыз алғыс айту күніне орай ас беріп, ата-баба аруағына құран бағыштады. Аталған жиынға Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Дүйсебаев Сержан, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғысбаев Әтірхан қатысты.

Сонымен қатар аудандағы Күрді мәдени орталығының төрағасы Алиев Махмуд, Түрік мәдени орталығының төрағасының орынбасары Байрамов Джайлабай және Тасарық ауыл округі Өзбек мәдени орталығының төрағасы Гульбаев Тажимат келді.
Жиын барысында С.Дүйсебаев өңірдегі татулық пен ұлттар арасындағы достықты насихаттау, оны халыққа түсіндіру және соның негізінде қоғамдық пікірді қалыптастыру жайында сөз сөйледі. Ә.Шыңғысбаев тарихқа тоқталып, елімізге жер аударылған ұлттар туралы мәліметтер келтірді. Аудандағы мәдени орталық төрағалары ұлтаралық татулық бойынша өз ойларын ортаға салып, тілектер айтты.

Жиын соңында шешен диаспорасы қиын-қыстау кезеңде қарсы алып, осы күнге дейін қонақжай бола білген қазақ халқына алғыс айтты. Жиылған қауым еліміздегі ұлттардың ынтымағы артып, арадағы татулық нығая түсетіндігіне сенім білдірді.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *