ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗЕҢІ СӘУІР АЙЫНЫҢ 30-НА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗЕҢІ СӘУІР АЙЫНЫҢ 30-НА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

377 просмотров

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗЕҢІ СӘУІР АЙЫНЫҢ 30-НА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

«Құрметті Түркістан қаласы тұрғындары! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының шешімімен елімізде төтенше жағдай кезеңі сәуір айының 30-на дейін ұзартылғанын хабарлаймын.

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗЕҢІ СӘУІР АЙЫНЫҢ 30-НА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Бұл шешім халқымыздың денсаулығын сақтау мақсатында қабылданып отырғанын ескере, түсіністікпен қарайсыздар деген үміттемін. Барлық сақтық шаралар орындалуы қатаң қадағаланып, қала тынысы мен болашағы үшін маңызды қызмет орындары және арнайы жұмыстары жалғасатын болады.

Азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банк, пошта, медицина саласындағы қызметтер тоқтатылмайды. Қала тұрғындары ыңғайлылығы үшін түрлі қызметтерді онлайн форматқа өткізіп жатырмыз. Банк, пошта, мемлекеттік қызметтердің көбісін қазір де интернет арқылы алуға болады. Диспетчерлік телефон қосылып, тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға жауап та берілуде.

Жергілікті қызметкерлер сарбаздардың көмегімен көше, аялдама, балалар алаңшасы, адам шоғырланатын жерлерді залалсыздандырғыш ерітіндімен күнделікті өңдеп жатыр.

Сабырлық танытып, еліміздің болашағы әр бір тұрғын шешімі мен іс-әрекетіне тәуелді екенін ұмытпауларыңызды сұраймын», — деді Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов тұрғындарға үндеуінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *