Төтенше жағдай кезінде той жасаған түркістандық тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды

Төтенше жағдай кезінде той жасаған түркістандық тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды

188 просмотров

Төтенше жағдай кезінде той жасаған түркістандық тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды

17.03.2020 жылы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде үйінің ауласында белгісіз тұлғаның адамдардың басын қосып, той жасап жатқан бейнежазбасы кеңінен жарияланған болатын. Аталған жайт бойынша Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларын атқарды. Белгілі болғандай оқиға 16 наурыз күні түнгі уақытта Түркістан қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде орын алған.
Қалалық полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзып жиын өткізгені үшін той иесі, жергілікті тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы «Төтенше жағдай режимiн бұзу» бойынша хаттама толтырды. Аталған жайтқа байланысты жинақталған іс-құжат Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Облыс полицейлері тұрғындарға заңға бағыну керектігін ескертеді. Төтенше жағдай кезінде той-жиындарды, бас қосуларды ұйымдастырмай, мүмкіндігінше сақтық шараларын жасап, денсаулыққа мән беру қажеттілігін айтады.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *