ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ЗАҢ БҰЗҒАНДАР ӘКІМШІЛІК ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ЗАҢ БҰЗҒАНДАР ӘКІМШІЛІК ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

8 просмотров

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ЗАҢ БҰЗҒАНДАР ӘКІМШІЛІК ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Баршамызға белгілі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген болатын.
Төтенше жағдай кезінде осы Жарлықта көрсетілген короновирус індетінің кең тарауының алдын алу мақсатында қауіпсіздік шаралары күшейтілген уақытша шектеулер мүлтіксіз сақталып, орындалуы қажет еді.
Алайда, бұл талаптар жеке және заңды тұлғалар тарапынан сақталмай, өрескел бұзылу фактілері де кездесуде.
Нақтырақ айтар болсақ, «Азамат» сауда дүкенінің сатушысы Е.Б. 25.03.2020 жылы сағат 11.30 шамасында Жетісай қаласында орналасқан «Қарақай» сауда орталығында «Азамат» сауда дүкенінде арнайы киімсіз карантин және басқа да міндетті санитариялық-эпидемиялық талаптарды сақтамай сауда жасаған.
Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, Жетісай аудандық сотының 27.03.2020 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476 бабының 6) тармақшасымен кінәлі деп танылып, 5 (бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Себебі, айыпталушы «Азамат» сауда дүкенінің сатушысы бола тұра арнайы киімсіз дүкенге келушілерге қолды өңдеу үшін санитайзер орнатпай, дезинфекциялық режимді сақтамай, дезинфекциялық құралдарды пайдаланбай, дезинфекциялық ерітінділерді дайындамай сауда-саттық жасаған.
Дәл осындай дезинфекциялық талаптар мен ережелерді сақтамай, заң бұзушылықтарға жол берген «Ернұр», «Иса» және «Қасымжомарт» сауда дүкендерінің иелері мен сатушылары Жетісай аудандық сотының 27.03.2020 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476 бабының 6) тармақшасымен кінәлі деп танылып, әкімшілік қамауға алынды.
Бұдан бөлек, бүгінгі таңда заң талаптарын өрескел бұзып, той, беташар, құдалық, сүндет той, үйлену тойларын жасап, адамдар көп шоғырланатын іс-шараларды өткізген тұлғалар анықталып, тиісті шаралар қолданылуда.
Елдегі орын алған төтенше жағдайға байланысты карантиндік уақытта заң талаптарын сақтамай үйде болудың орынына «өзім білемшілдікке» салынған кез-келген азамат заңда белгіленген тәртіппен қатаң түрде жазаланатын құзырлы органдар ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *