ТАБИҒИ ГАЗ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ

ТАБИҒИ ГАЗ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ

36 просмотров

ТАБИҒИ ГАЗ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ

Өткен жылы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығы Түркістан қаласын газдандыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын. Соның ішінде табиғи отын тарату мақсатындағы құрылыс жұмыстарын 2020 жылы толық аяқтауды міндеттеген. Бұл жерде оқырманға түсінікті болуы үшін мәселеге нақты түсінік бере кету қажет. Әлгі газбен қамтуды толық аяқтау ісі тұрғындардың барлығының үйіне газ кіргізіп беру деген сөз емес. Мұнда газ құбырын әрбір үйдің алдына жеткізу міндеттелген. Қала әкімдігі облыс басшылығының тапсырмасын өз межесінде орындауды көздеп отыр. Оған толықтай негіз бар. Сонымен бірге, үйлердің де газ тұтынуы үшін насихат жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың өтініштері қабылдануда.

Бүгінгі таңда шаһарда газ құрылысының жоспары 70 пайызға жуықтаған. Енді түркістандық тұрғындар күл шығарып, көмір түсіріп әуре болмай, табиғи отынның рахатын көремін деушілер үйіне газ кіргізуге тыңғылықты әрекет етулері керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *