Талаптарға салғырт қарау ұлтқа жасаған қылмыс

Талаптарға салғырт қарау ұлтқа жасаған қылмыс

15 просмотров

Талаптарға салғырт қарау ұлтқа жасаған қылмыс

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуі «Құрметті отандастар! Баршаңызға мәлім, қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай күрделене түсуде»-деп бастады үндеуін.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдауда ақпараттық жұмыстардың маңызды рөл атқаратындығының айтуы жөнді деп есептейміз. Осыған сәйкес, халық пен мемлекеттік органдар бірлесе отырып, осы пандемияны тоқтатуға жұмыла жұмыс жүргізуі керек. Бұл – береке-бірлігіміз сыналатын уақыт. Біз әрқайсымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындай білсек, бұл қиындықтан тезірек шығамыз.
Сондықтан жерлестер, қандай да болмасын жиындардың бәрін тоқтату керек! Осындай сын сағатта бірлігімізді сақтап қана қоймай одан әрі бір-бірімізге жанашырлық танытып, індетті жою жолында ұтымды да тиімді іс-әрекеттерге батыл бару керек. Бүгін мына індеттен елімізді, әсіресе өскелең ұрпағымызды, жастарымызды қорғап қалатын, сақтап қалатын заман. Төтенше жағдайдағы біздерге қойылатын талаптарға салғырт қарау, біздің ұлтқа жасаған қылмыс деп түсінуіміз керек.
«Жан ауырса-тән азады, қайғы басса- жан азады» — дейді дана халқымыз. Ендеше осы талаптарға сай індетті жою жолында күресіміз жеңісті болсын.

БЕГЗАТ ХАБИБОВ,
КЕНТАУ ҚАЛАСЫ «ҚАРНАҚ» АУЫЛДЫҚ ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *