ТАМАҚТАН УЛАНУДАН САҚТАНЫҢЫЗ!

ТАМАҚТАН УЛАНУДАН САҚТАНЫҢЫЗ!

13 просмотров

“Әр үйге қауіпсіз тағам” аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы аудандық Атамекен кәсіпкерлік палатасымен бірігіп, Қарабұлақ ауылындағы “Ынтық Ата” азық-түлік базарында осындай акция өткізді. Ондағы мақсаты — базарда сатылып жатқан жеміс-жидек және көкөністің сапасына аудан тұрғындарының назарын аудару.
Сайрам аудандық Ұлттық сараптама орталығының мамандары зерттеу жұмысын жүргізді. Базарға келушілер сатып алған өнімдерін зертханада тегін зерттеуден өткізіп, сапасы мен қауіпсіздігі туралы мәлімет ала алады. Сәрсенбі күнгі тексеру барысында “Ынтық ата” азық-түлік базарында 25 түрлі жеміс-жидек, бақша және көкөніс өнімдерінен нитрат қалдығына зерттеме алынған болатын. Оның нәтижесі бойынша нитрат қалдығының мөлшері нормадан жоғары өнім анықталмады. Акция кезінде сатушыларға және келушілерге Ботулизм, тамақтан уланудың алдын алу туралы жадынамалар, парақшалар таратылды.
Сондай-ақ осы жәрмеңкеде саудаланған ауыл шаруашылығы өнімдері өңірдің басқа аудандарындағы бағамен салыстырғанда 30-50 пайызға арзан екені анықталды. Жалпы 27,8 тонна өнім сатылған.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.