ТАРИХИ МҰРАНЫ БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАЛДЫРУ, НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ САҚТАУ НАЗАРДАН ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ

ТАРИХИ МҰРАНЫ БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАЛДЫРУ, НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ САҚТАУ НАЗАРДАН ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ

30 просмотров

ТАРИХИ МҰРАНЫ БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА ҚАЛДЫРУ, НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ САҚТАУ НАЗАРДАН ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ

Түркістанда өткен тұрақты туризм мен қасиетті мұраны дамыту бойынша халықаралық конференцияда шетелдік қонақтар ортағасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші, мұсылмандардың жаппай зиярат ету орнына айналған Ясауи кесенесіне әлемнің түкпір-түкпірінен туристер мен зиярат етушілердің ағылып келіп жатқанына куә болғандарын жеткізген болатын. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етушілер үшін бау-бақшалы жасыл аумақ іске асуда. Түрлі жеміс-жидек ағаштары өсетін ботаникалық баумен қатар, киіз үй, сондай-ақ кесене аумағында көшпенділер салты мен дәстүрінен ерекше сыр тартатын, ортағасырлық тұрмыстан айрықша көрініс беретін Этноауыл салынады.Осылайша, Ұлы Жібек Жолы дәуірі тұсындағы келбеті қалпына келтіріліп, кесенеден 700 метр қашықтықта тұрған Күлтөбе қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналады.Мавзолейдің мемориалды және саябақ аймағында Абылай хан, Жолбарыс хан, Қасым хан, Жәнібек батыр, Қазыбек бидің және т.б. жерленген жерлері қоршалып, биіктетілген. Кесене мен Жеті Ата қақпасы арасындағы тарихи көлдің ойыстары қайта қалпына келтіріліп, тарихи мешітке апаратын жол, құдық және Ясауидің соңғы 20 жыл өмірін өткізген Қылуетке апаратын ортағасырлық рабаттары мен орталық көшелері қайта жасалуда. Кесененің 88,7 га құрайтын буферлі қорғау аймағында рухани туризм Орталығы құрылуда. Ол жерден осы аумақта орналасқан барлық қастерлі орындарды тамашалауға болады. Ал, абаттандыру алаңының жалпы аумағы 100 гектарға жетеді. Халықаралық тәжірибенің ең озық үлгілері назарға алынып, «Әзірет Сұлтан» кешенінің мүмкіндіктері кеңейтілуде.Сондай-ақ, қаламыздың басты символының келбеті түнгі жарықшамдар арқылы ерекше кескінге ие болады. Оң шешім тапқан жоба жуық арада іске асса, туристер үшін кесененің келбетін айшықтай түспек. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің жұмысы Республика көлемінде бекітілген. Сондықтан, тарихи мұраны болашақ ұрпаққа қалдыру, насихаттау және сақтау назардан қалыс қалмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *