ТАЗАЛЫҚ САҚТАУ - ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МІНДЕТІНЕ АЙНАЛУЫ ТИІС

ТАЗАЛЫҚ САҚТАУ — ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МІНДЕТІНЕ АЙНАЛУЫ ТИІС

11 просмотров

ТАЗАЛЫҚ САҚТАУ - ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МІНДЕТІНЕ АЙНАЛУЫ ТИІС

«Түркістанды — таза қала». Осы мақсатта яғни рухани шаһарды таза қалаға айналдыру бастамасы бір сәтке де назардан тыс қалған емес. Бұл бастамаға қала ақсақалдарынан бастап, жастарға дейін шама-шарқынша үлес қосуда. Осындай көптің ісін әкімдік тарапынан одан әрі жетілдіру мақсатында да елеулі жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, өткен жылдың қыркүйек айында италияндық тазалау техникалары алынып, аяқжол және веложол тазалығын қамтамасыз етуде. Ол шаңнан, қоқыстан тазалап, жуады. Одан бөлек, өткен жылы облыс орталығы жаңа техникалармен толықты. Қала тазалығы мен жол жөндеу жұмыстарына арналған заман талабына сай 34 арнайы көлік берілді. Бірнеше қоқысты сұрыптап салатын қоқыс жәшіктері қойылып, креативті үйлестіру үшін жоғары бөлігіне гүлдер қойылды. Бұл қаланың келбетіне көрік беріп тұр. Бұған қоса, қаланы көріктендіру барысында орталық көшелер бойындағы үйлердің сырт келбетіне түйелер керуені бейнеленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *