«ТОМИРИС-ТҰРАННЫҢ» ҚАРСЫЛАСЫ – «МАНЧЕСТЕР СИТИ»

23 просмотров


Өткен жылғы футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері «Томирис-Тұран» командасы Чемпиондар лигасының бірінші турында «Манчестер Ситимен» кездеседі. Жеребе қорытындысы бойынша түркістандық аруларға ағылшынның азулы қарсыласы тап болды.
Командалар Чемпиондар жолында 11 топқа және Лига жолында 4 топқа бөлінген. Екі жолдағы бірінші раунд бір матч форматында ойналатын екі кезеңнен тұрады: жартылай финал және финал/үшінші орын матчтары. Әр финалдың жеңімпаздары (Чемпиондар жолында 11, Лига жолында төрт) екінші айналымға өтеді. Шағын турнирлердің қожайындары әр топтағы клубтардың арасынан таңдалады.
Бірінші кезеңнің жартылай финалдық ойындары 18 тамызда, ал финалдық кездесулер мен үшінші орын үшін кездесулер 21 тамызда өтеді. Ойындар Испанияның Мадрид қаласында өтеді. Қазақстанның атынан алғаш рет дүбірлі додада өнер көрсететін «Томирис-Тұранға» командасына сәттілік тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.