ТҮРКІСТАН: "Әзірет Сұлтан" қорық-музейінде «Дін және діни экстремизм» тақырыбында кездесу өтті

ТҮРКІСТАН: «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде «Дін және діни экстремизм» тақырыбында кездесу өтті

181 просмотров

ТҮРКІСТАН: "Әзірет Сұлтан" қорық-музейінде «Дін және діни экстремизм» тақырыбында кездесу өтті

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК мәжіліс залында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселерін зерттеу орталығы» КММ мамандарымен «Дін және діни экстремизм» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында «Дін мәселерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры міндетін атқарушы Медет Халықов  «Деструктивті діни ұйымының психологиялық портреті» тақырыбында баяндама жасап, бейне материалдар көрсетті. Баяндамада қазіргі қоғамдағы дәстүрлі дінге жат діни ағымдардың ұстанымдары мен ерекшеліктері  жайлы жан-жақты түсіндірілді.
ТҮРКІСТАН: "Әзірет Сұлтан" қорық-музейінде «Дін және діни экстремизм» тақырыбында кездесу өтті

Кездесу соңында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-не «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспа өнімдері сыйға тартылды.

М.Халықов қорық-музей қызметкерлерімен пікір алмасып, сауалдарға жауап берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *