УӘДЕСІН УАҚЫТЫЛЫ ОРЫНДАМАҒАН МЕРДІГЕР ХАЛЫҚҚА УӘДЕ БЕРДІ (видео)

УӘДЕСІН УАҚЫТЫЛЫ ОРЫНДАМАҒАН МЕРДІГЕР ХАЛЫҚҚА УӘДЕ БЕРДІ (видео)

38 просмотров

УӘДЕСІН УАҚЫТЫЛЫ ОРЫНДАМАҒАН МЕРДІГЕР ХАЛЫҚҚА УӘДЕ БЕРДІ (видео)

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов тұрғындардың талап-тілегін ескеріп, жауапты мамандар мен мердігерлерге ескерту жасады. Ол өз сөзінде «Құрметті Түркістан қаласында қызмет көрсетуші мердігер компаниялар өкілдері!
Қала бойынша атқарылып жатқан біршама жұмыс сапасына, атқарылу уақытына тұрғындар тарапынан әлі де шағым түсіп жатыр. Қандай да жұмыс нәтижесі халық қанағаттанарлықтай болуы шарт. Халық бізден талап еткендей, біз сіздерден талап етеміз. Бүгіннен бастап, әр таңымды қаланың әр түкпірінде әр сала бойынша атқарылып жатқан әр жұмыс барысын жеке тексеруге бел будым. Бұдан былай, жұмыстардың толыққанды және уақытылы бітпеуінің шынайы себептері мен қызмет көрсетуші мекемелерді көрсетіп отыратын боламыз», — деген шаһар басшысы Рашид Абатұлы қала тұрғындарына облыс орталығындағы газ құбырларын шілде айы бітпей орналастыруға сөз берген, бірақ орындамаған “Отау Строй” ЖШС-нің қызметкері Нұрхат Жүсіповтың түсініктемесін ұсынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *