ЫНТЫМАҒЫ МЕН БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ТҮЛКІБАС

ЫНТЫМАҒЫ МЕН БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ТҮЛКІБАС

6 просмотров

ЫНТЫМАҒЫ МЕН БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ТҮЛКІБАС

29 этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан Түлкібас ауданында кезекті рет «Алғыс айту күні» мерекесі жоғарғы деңгейде аталып өтілді.

Түлкібас аудандық мәдениет үйінде аудан аумағында тұратын барлық этнос өкілдері бас қосып, татулық пен мейірімділіктін нышанына айналған «Алғыс айту күні» мерекесіне орай, көшпенді халықтар тарихындағы ең бірінші сәулеттік құрылыс-киіз үйді асарлатып орнатты.

Бұдан соң, мерекелік шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Бұл жерде келген көпшілікке этномәдени орталықтарының ұйымдастыруымен ұлттық тағамдар көрмесі жайылып, концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерттік бағдарлама барысында этномәдени орталықтар ұлттық ән мен билерін көрермендерге паш етті.

Салтанатты шарада алғы сөз алған аудан әкімі Н.Тұрашбеков,
— Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бекітілген Алғыс айту күні – бүгінде еліміздің бейбітшілік пен келісім саясатының жарқын көрінісіне айналып отыр. Сонау соғыс жылдарында көптеген өзге ұлт өкілдері Қазақ еліне жер аударылып, сол қиын қыстау кезде Қазақ халқы қол ұшын беріп, бауырына басып, көптеген көмектер көрсетті. Демеу беріп, қолдау көрсеткендерге қоныс аударған ұлт өкілдері алғысын білдіруде. Соның арқасында Қазақ елі бүгінде көп ұлтты мемлекетке айналды. Бүгінде аспанында көк туы желбіреген егемен елімізде түрлі ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріп, туған тілі мен мәдениетін сақтап, дамытып келеді. Жүзден астам этнос өкілдерін бір шаңырақ астына топтастырып, ел болып қалыптастыруда Елбасымыздың еңбегі ерен. Бұны біз мойындауымыз керек-деп, ауданымыздың тұрғындарын мерекелерімен құттықтады.

Сондай-ақ, салтанатты шарада Славян, Түрік, Иран және Өзбек этномәдени орталықтарының төрағалары мен өкілдері аудан жұртшылығын айтулы мерекелерімен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *