ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

23 просмотров

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі РМҚК директоры Н.Қ.Ахметжанов пен Түркістан облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы А.Д.Өміртай және Түркістан қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Ералы Қамбар өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Басты мақсат – біріккен бағдарламаларды іске асыру барысында нәтижелі ынтымақтастықты реттеуге басымдық беру, еріктілердің тәжірибе алмасуын жолға қою және бірлескен мәдени іс-шаралар ұйымдастыру.

Меморандум жастардың туризм бағытында қызметтер атқаруына, Түркістан қаласының тарихын жетік меңгере отырып туристтерге сапалы қызметтер көрсетуге мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, еріктілерге еңбек өтілі жүреді, туризм бағытында қызметтер атқарғанын растайтын арнайы сертификат беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *