ЫРЫСЫМЫЗ АРТА ТҮССІН!

ЫРЫСЫМЫЗ АРТА ТҮССІН!

35 просмотров

ЫРЫСЫМЫЗ АРТА ТҮССІН!

«Ырыс қайда барасың? Ынтымаққа барамын!» деген дана сөз бар. Шындығында, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі экономикалық-әлеуметтік салаларындағы тұтас жетістіктері тек бірлік пен тұрақтылықтың арқасында бір арнаға тоғысты. Көптеген дамушы елдермен иық тіресіп, бейбіт елдер қатарын арттырып отырмыз. Этносаралық араздыққа бой алдырмай, татулықтың көк туын желбіретіп жүрген байтақ елміз. Бұл ретте біздің басты мұратымыз — бүгінгі буынға мәні мол тарихтың сырын ұғындыру. 1-мамыр мерекесінің түбі тереңде жатқанын тілге тиек ету.
Мамырдың алғашқы күні — Қазақстан халқының бірлігі мерекесін жаңа тұрпатта тойлау қажеттігін, оны еліміздің басты мерекесіне айналдыру идеясын Тұңғыш Президент Н. Назарбаев көтерген болатын. Ол өз сөзінде «1-Мамыр мерекесі біздің елдегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыра түсуі тиіс. Мамырдың бірінші күні — бірліктің ерекше датасы. Сондықтан да, мамырда тұтас ай бойы жақын­дасудың барлық жаңа жолдарын байқап көру керек. Ал, тұрақтылық болмаған жерде даму да болмайтынына қазіргі жер жаһанда орын алып жатқан мысалдар жеткілікті. Сондықтан да, бірлікті ту еткен еліміз Қазақстан халқының бірлігі күнін басты мерекелердің біріне айналуы керек», ‑ деген еді.
Иә, Елбасы сөзіне арқау болған 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі біздің елдің ынтымағына серпін берсе, облыс орталығы Түркістан қаласында күн кешіп жатқан этнос өкілдерінің татулығы мен достығын арттыруға дәнекер болары сөзсіз. Өйткені, біз бабадан бойымызға сіңген достық қасиетінің өлшемін бағамдай білген текті халықпыз.

Райымжан Қошқаров,
Түркістан облысы өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *