"ЮНЕСКО" САРАПШЫЛАРЫ КЕСЕНЕ АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

«ЮНЕСКО» САРАПШЫЛАРЫ КЕСЕНЕ АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

32 просмотров

"ЮНЕСКО" САРАПШЫЛАРЫ КЕСЕНЕ АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруымен өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитеті мүшелерімен онлайн бейнебайланыс жасады. Түркістанның ең құнды жауһары — Қ. А. Ясауи кесенесіндегі әр жоба және қайта жаңғырту жұмыстары ЮНЕСКО назарында. Сол себепті әлемдік сарапшылар мен архитекторлар басы қосылып, талқыға түсетін жайт биыл Қытай Халық Республикасында өтетін 44 сессия алдындағы күн тәртібіндегі мәселе еді.⠀

"ЮНЕСКО" САРАПШЫЛАРЫ КЕСЕНЕ АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

ЮНЕСКО халықаралық ұйымының Бүкіл әлемдік мұра комитетінің Азия және Тынық мұхиты өңірі бөлімінің басшысы, Халықаралық деңгейдегі сарапшы Фенг Джинг төрағалығымен өткен бейнебайланыс 3 сағатқа созылды. Онда Түркістан қаласының мүмкіндігін тиімді пайдалану, Қ. А. Ясауи кесенесін айналасын әлемдік мұра ретінде қайта жаңғырту тақырыбы көтеріліп, қатысқан 48 сарапшы іске асып жатқан жұмыстардың оң бағытта екендігіне қолдау білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *