Заман талаптарына сай аялдамалар салынуда

Заман талаптарына сай аялдамалар салынуда

3 просмотров

Заман талаптарына сай аялдамалар салынуда

Түркістан қаласы облыс орталығы атанбай тұрып көзге түрпідей тиетін ескі аялдамалар қонақтардың да, қала тұрғындарының да сынына ұшырап келді. Қаламызға мәртебелі ат берілгелі бері бұл мәселе де өз шешімін тауып, заманауи аялдамалар саны күн санап артып келеді. Биылғы жылы 30 дан аса аялдаманы орналастыру жоспарланған еді. Бүгінде соның 15-і қала сәнін келтіріп тұр. Аялдама жылы, әрі қолдануға қолайлы етіп қарастыырылған. Келетін қоғамдық көліктердің жүру бағыттары нақты жазылған күту орындары елдің ыстық ықыласына да бөленіп үлгерген. Қалған 15-і жыл аяғына дейін орнатылып, халық қолданысына беріледі деп күтілуде.

Шаһар басшысының тапсырмасымен су жаңа аялдамалар қыста жылу, жаздың аптап ыстығында суық қалпын сақтауы қарастырылатын болды. Сонымен қатар, ішінде теледидар және WIFI жүйесі де жүргізілмек.  Алғашқы осындай талаптарға сай салынған аялдамаға «Әмір Темір» атауы беріліп, ел игілігіне ұсынылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *