«ZAN» ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ПАЙДАЛАНЫҢЫЗДАР!

«ZAN» ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫН ПАЙДАЛАНЫҢЫЗДАР!

20 просмотров

«ZAN» ДЕРЕКТЕР  БАЗАСЫН ПАЙДАЛАНЫҢЫЗДАР!

Нормативтік құқықтық актілердің электронды базасын жасап, қалыптастырушы оны таратушы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК-ны болып табылады. Заңнама және құқықтық ақпарат институты пайдаланушыларға «Zan» деректер базасын ұсынып отыр.

     Орталық ҚР-да құқықтық реформаның ңәтижелілігін арттыру мақсатында құрылған болатын. Құқықтық мемлекет үшін қабылданып отырған нормативтік құқықтық актілердің іске асуы және олар тек мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілер үшін ғана емес, жай азаматтар үшін де әділ болуы манызды. Ал бұл үшін қандай актілердің қабылданғанын біліп, олардың мәтіндеріне қол жеткізіп және оларға енгізілген өзгерістерді біліп отыру қажет.

    «Zan» деректер базасы Қазақстандық ақпараттық-құқықтық жүйенің жаңа үлгісі. Мұнда мемлекетіміздің заң және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің қазақ және орыс тілдеріндегі едәуір толық бөлігі жинақталған.

     Бұл базаның басқа осы тектес базалардан елеулі айырмашылығы – «ZAN» деректер базасы мемлекеттік тілде ұсынылып отырған жалғыз база.

     ҚР Үкіметінің 04.12.1997 жылғы N 1680 «Қазақстан Республикасы нормативтiк  құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереженi бекiту туралы» қаулысына сәйкес деректемелер базасы тек ресми қайнар көздерден қалыптастырыла отырып, нормативтік материалдың ерекше күмәнсіздігін қамтамасыз етеді.

    Сөз болып отырған базаны пайдаланудың ерекшеліктеріне тоқталып кететің болсақ мұнда әрбір өзгеріс енгізілген нормативтік құқықтық актінің 1996 жылдан бері енгізілген өзгеріске дейінгі мәтінін көруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ мұнда қажетті түсініктер және анықтамалармен қамтамасыз етілген, күшін жойған нормативтік құқықтық актілердің кітапханасы бар, осыған сәйкес кез-келген актіге енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың хронологиясын көру мүмкіндігі бар. Актілерді іздестірудің ыңғайлы интерфейсі әртүрлі бөліктерінде актілерді табуға мүмкіндік береді.

    Деректемелер базасы келесі сөздіктермен қамтамасыз етілген: терминдер сөздігі, қазақ-орыс терминологиялық сөздігі, деректер базасындағы заңдар мәтіндеріне жүгінетін заң терминдері сөздігі.

   Құжаттармен жұмыс істегенде нормативтік актінің қазақ және орыс тіліндегі мәтіндерін бір мезгілде көріп отыруға мүмкін.

   «ZAN» деректер базасының техникалық мүмкіндіктері:

  • Локальді және желілі режимдерде жұмыс істеуге;
  • Күнделікті электронды пошта арқылы, zan.kz сайтынан және DVD дискілерде базаның жаңартуларын алып отыруға.

         «Zan» деректер базасының 8-ші желілі нұсқасында алдыңғы шығарылымдардың барлығының ұтымды жақтары сақталып қалған, сонымен қатар, бірқатар іздестіру және сервисті мүмкіндіктер қосылған.

     Бүгінгі күні деректер базасында қазақ және орыс тілдерінде 572 000 –нан астам құжат бар.

      «Zan» базасының жоғары сапалылығының кепілі оның пайдаланушылары – көптеген мекемелер, кәсіпорындар, облысымыздың заңгерлері болып табылады. Олардың барлығының тізімін келтіру газет бетінде көп орын алар еді.

     Халықаралық даму банктің сарапшылары «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформа» жобасына сәйкес Қазақстандағы барлық құқықтық базаларды зерттеп «Zan»  деректер базасына өте жоғарғы баға берген.

     Егер сіз нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін іздестуріде қиыншылықтарға кезіксеңіз, егер сіз заңнаманың қандай-да бір ережесін білмеудің салдарынан істеріңізде кемістіктер болуын қаламасаңыз, егер сіз көптеген нормативтік құқықтық актілерді іздеп, салыстыра отырып уақытынызды, өнімділікті және көңіл-күйіңізді жоғалтқыңыз келмесе «ZAN»  деректер базасын алыныз.

       Біздің мекен жайымыз: Түркістан қаласы, О.Мусабеков көшесі, 2А, ЗҚАИ ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша  филиалы. Тел: 4-13-11.

Ә.Т. Байжігітов,

Түркістан облысы бойынша
ЗҚАИ ШЖҚ РМК филиалының
директоры.      

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *