Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталар сәт…

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталар сәт…

37 просмотров

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталар сәт…

Қадірлі отандастар! Өздеріңізбен еліміздің саяси өміріндегі бір жағымды жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Ол – бізде алғаш рет өткізілгелі отырған праймериз. Бұл жаңа саяси технологияны еліміздің жетекші партиясы – «Nur Otan» ұсынып отыр. Праймериз өткізу ережесінің жобасын партияның Саяси кеңес мүшелері жан-жақты талқылаудан өткізіп, қабылдадық. Оны өткізудің мерзімін Елбасы бекітті. Бұйырса, алдағы тамыз-қыркүйек айларында өтпек.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталар сәт…

Қарапайым тілмен айтқанда, праймериз – партия атынан депутат болуға үміткерлердің ішінен ашық бәсекелестік негізде үздіктерін таңдап алу. Яғни мұнда елдің сөзін сөйлеп, мүддесін қорғаймын деген азаматтың білімі, іскерлігі, адалдығы, шаршы топта сөз бастар шешендігі мен топ бастар көсемдігі секілді қасиеттері сыннан өтеді. Сөйтіп, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығып, көпшіліктің дауысы мен сеніміне ие болған нағыз саңлақтар ғана суырылып шығады.

Мұндай тәсіл бізге де жат емес. Асыл өнеріміз айтыс – тап осы праймериздің қазақы түрі. Айтыста да екі ақын елдің алдына шығып, сөз сайысына түспей ме. Мұнда да олар көптің көкейіндегі ойларды ортаға салып, бірін-бірі сөзбен түйреп, тапқырлық танытып, бар өнерін көрсетеді. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендей, олардың үздігін халық анықтайды. Халықтың қолдауына ие болған өнерпаз ғана нағыз ақын атанып, абыройға бөленеді.

Бұл күнде әр салада өзін іспен дәлелдеп, сурылып озған мамандар жоқ емес. Қашанда бәсекеге қабілетті, ел абыройын ақтап жүрген жастар да баршылық. Праймериз осындай өзіне сенімді, ісіне бекем жастарға да мол мүмкіндік берері сөзсіз.

Міне, праймериз азаматтарымызға осындай керемет мүмкіндік ұсынып отыр. Бұл саяси додаға бұрын – соңды партияда болмаған азаматтар да қатысуына болады. Сондықтан осындай мүмкіндіктен қапы қалмай, бақ сынаңыздар.

Ералиев Ербол Жолдасбайұлы
«Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің мүшесі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *