ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

5 просмотров

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі Үндеуінде айтылған пандемияға байланысты қалыптасқан жағдайдың күрделене түсіп отырғаны анық. Коронавирустың таралуы бәсеңдемей, оған тағы пневмония мен ОРВИ қосылып, өршіп бара жатқаны тағы бар. Осы жағдай қоғам мен халық арасында үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Президентіміз Қ.Тоқаев көңіл айта отырып, әрбір қазақстандықтың қазасы жүрегіне қатты бататынын жеткізді. Осы ретте ағымдағы жылдың 13 шілде күні–Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Сонымен қатар, барша халықты мазалап отырған елдегі проблемаларға нақты және түсінікті етіп тоқталып, қатаң бақылау жасалатынын атап кетті.
Барлық карантин ережелерін сақтап, жауапкершілік танытып, той-думандарды тоқтатып, тәртіпке бағынып, дертті неше түрлі жолдары бар екен деп босқа уақытты өткізбей, білікті ақ халатты дәрігерлердің кеңесіне жүгініп, еңсемізді түсірмей бәріміз жұмыла індетпен күрессек, бәрін жеңеміз.
Үйде болыңыздар!!!

Қасымбек Сәтпай Нұрлыбайұлы,

Түлкібас аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның «Құрметті азаматы»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *