ЖҰМЫЛА ЖҰМЫС ЖАСАУЫМЫЗ КЕРЕК

ЖҰМЫЛА ЖҰМЫС ЖАСАУЫМЫЗ КЕРЕК

6 просмотров

Бүгінгі мемлект басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бейне-байланыс арқылы үкіметтің кеңейтілген отырысындағы қозғаған өзекті мәселелерін өте орынды деп санаймын. Себебі қазіргі пандемия жағдайында барша мемлекет есебінен жалақы алатын азаматтардың жұмыла кірісіп жұмыс жасайтын уақыты екендігін көрсетіп отыр. Мемлекеттік аппарат жұмысында жаңа жүктемелерді сәтті жүзеге асыру үшін, нағыз іскер, креативті ойы бар, мақсаты айқын елжанды жастардың қажеттігі және олардың бүгінгі таңда нағыз жұмыс жасайтын кезінің келгендігін атап өткендігі қуантты. Барша жұрттың пандемия жағдайында, қосымша ауаның ластануы мен қоқыс палегондарының ауа тапшылығын одан сайын өршіткені тез арада оң шешілуі тиіс мәселе деп ойлаймын. Білім беру саласында экологиялық білім туралы пән енгізу арқылы жас ұрпақтың кәзірден қоршаған ортаны қорғау туралы таным-түсінігін қалыптастыру өте маңызды, құптарлық іс. Тағы бір ең маңызды мәселе ол бюрократтық мәселеден арылып, қиын кезде халықтың үніне құлақ асып, тез шешім қабылдап жүйелі жұмыс жасау. Сондықтан бірігіп, жұмыла күш біріктіріп жұмыс жасауға шақырамын.

Қанат Бекметов
Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *