ЖҰМЫС САПАСЫ АРТУДА

ЖҰМЫС САПАСЫ АРТУДА

9 просмотров

ЖҰМЫС САПАСЫ АРТУДА

Кез келген емхана ең алдымен кадрлық ресурсты реттемесе онда медициналық көмек сапасы толық болмайды. Сол принциппен қазіргі таңда Түркістан қалалық емханасы жоспарлы түрде жұмыстар жасауда. Бұл жағдайға байланысты емхана қаламызда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен тығыз жұмыс жасауда. Бүгінгі таңға аталмыш университеттің түлектеріне кепілдік хат беріп, 4 хирург маманын және 1 гинеколог маманын жұмысқа қабылдауды қарастырылуда. Сонымен қатар, келер жаңа оқу жылынан бастап аталмыш университетке клиникалық база есебінде тіркеліп, студенттерді емхананың клиникалық базасында оқыту жоспарлануда. Бұл өз кезегінде тәжірибеден өту барысында білікті мамандарды іріктеп алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде емхана білікті де білімді жастармен толығатын болады. Сонымен қатар, мамандарды біліктілік арттыру курстарына және заман талабына сай қажеттілікке орай жетіспей жатқан мамандарды қайта даярлаудан өткізу жұмыстары жүргізілуде. Соңғы жылдары Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының бастамасымен мамандарды шет елдерде оқыту алынды, оның ішінде мамандар шет елде білімін жетілдіріп, медицина саласына жаңадан енгізілген тәжірибелерімен, жұмыс істеу тәсілдеріне қанығып қайтуда, бұл да өз кезегінде жұмыс сапасын арттырары сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *