Жұмысын заңсыз қайта жандандырған мекемелер 100 АЕК айыппұл төлейді

Жұмысын заңсыз қайта жандандырған мекемелер 100 АЕК айыппұл төлейді

124 просмотров

Жұмысын заңсыз қайта жандандырған мекемелер 100 АЕК айыппұл төлейді

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №17 Қаулысына сәйкес, Түркістан қаласында карантин режиміне байланысты бірқатар нысандардың жұмысын жалғастыруға шешім қабылданбаған.

Дегенмен, талапқа бағынбай, монша, қоғамдық тамақтану орындары мен автовокзалдар жұмысын жалғастырып жатқандығы мобильді топтардың бақылауы нәтижесінде белгілі болды.

Тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығы аясында белгіленген талапқа бағынбай жұмысын жалғастырғандарға айыппұл, ал рұқсат берілген, алайда талаптарды орындамаған нысандар жұмысын уақытша тоқтататындығын хабарлаймыз! Сондай-ақ, карантин режимін сақтамау шаралары жалғасар болса, карантин режимі ұзартылатынын назарларыңызға саламыз!

Мақсат — айыппұл салу емес, індет таралуының алдын алып, қауіпсіздікті жандандыру!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *