Жұрт киелі санайтын құдық

Жұрт киелі санайтын құдық

16 просмотров

Жұрт киелі санайтын құдық

Түркістанға ат басын бұрған туристердің жиі келетін киелі мекеннің бірі – Үкаша ата кесенесі. Тіпті, мен де ес жиған оқушы кезде арнайы барып танысқан едім. Ол жайлы халық арасында айтылатын аңызда: «Үкаша ата сахаба Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың замандасы, сенімді серігі әрі күзетшісі, Ислам дінін таратушы болған. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жауырынының астындағы мөрді сүйгеннен кейін Үкаша сахабаның денесіне атса оқ, шапса қылыш өтпеген», — делінген. Осы әпсана қазір ел арасында кеңінен тараған. Мүмкін бұл ғажайып ертегідей естілетін болар. Десе де мұны білікті қазақ ғалымдары өз еңбектерінде айтып өткен. Ол жайлы Шәді төре Жәңгірұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Жүсіпбек Шайқысламұлы біраз деректерін оқығаным да рас. Бұл кісілердің шығармаларында Үкаша атаның есімі Ғакаша деп берілген. Бізге аңыз болып жеткен Үкаша сахаба жайында Ш. Уәлихановтың кітабында да (онда Оксе деген есіммен көрсетілген) айтылған. Бұдан ұққаным, Үкаша атаның ешқандай да аңыз ертегі емес тарихи тұлға, өмірде болған. Бір деректі айта кетсем, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық-мұражайы ғылыми зерттеу бөлімінің мәліметтерінде: «Үкаша сахаба біздің даламызға Ислам дінін алғаш алып келген тарихи тұлға. Ол Түркі тайпаларының бірінен шыққан. Қазақ шежіресінің бастауында тұратын Әнес сахабалармен бір қатарда тұрады», — делінеді. Тағы бір аңыздан Үкаша атаны жау жеңе алмағанын оқыдым. Аңызда: «Ол тек таң намазын оқыған кезде қорғансыз болады екен. Оны білген кәпірлер Үкаша ата таң намазын оқып отырған кезде келіп басын қылышпен шауыпты. Содан, жансыз басты періштелер домалатып қырдың етегіне жеткізіпті. Сол жер қақ айырылып құдық болып Үкаша ата басы оған түсіп жерасты өзен арқылы Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарға жетіпті», — делінген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *