Жаңа қоқыс жәшіктері қалаға сән береді

Жаңа қоқыс жәшіктері қалаға сән береді

5 просмотров

Жаңа қоқыс жәшіктері қалаға сән береді

Түркістан қаласындағы жаңарулар мен жақсы хабарлар күн сайын артып, апта сайын көбейіп келеді. Үлкен, сәнді ғимараттар, кең, таза көшелер, жарық, әрі жасыл желекпен көмкерілген демалыс орындары арасында көзге көрінбей қалып жатқан жақсы дүниелер де аз емес. Солардың бірі 100 кіші және үлкен қоқыс жәшіктері. Арнайы тексерістен кейін, қолданысқа жарамсыз, ескі жәшіктерді анықтап, 43-ін жөндеуге жіберіп, орнына 100 қоқыс жәшігі орналастырылды. Алдағы уақытта жөндеуге жіберілген қоқыс жәшіктері қалпына келтіріліп, қала көркін ашар көшелер бойына қойылады.

Қала тазалығына арнайы қызметкерлермен қатар өз секторларына жауапты аудан, қала, басқарма бөлімдері сенбілік жұмыстарын жүргізіп келеді. Жаз айларындағы аптап ыстықты бәсеңдету мақсатында қала ішін жасыл желекке орау да назардан тыс қалмақ емес. Тарихи қаланың туристеріне менмұндалап тұрған ескі ғимараттардан бөлек, таза ауамен қамтамасыз ететін, көше бойына қатарласа тізілген ағаштарынада күтім жасау қолға лынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *