Жаңа монументтің атқарар рөлі ерекше

Жаңа монументтің атқарар рөлі ерекше

5 просмотров

Жаңа монументтің атқарар рөлі ерекше

Қарт қаланың ажарын ашып, көркін кіргізер кезекті монумент құрылысы қарқынды жүруде. Жуырда ғана қала басшысы Рашид Абатұлы арнайы аралап көрген нысан Шымкент қаласынан кіре – беріс аумақта орналасқан. Шығыс үлгісімен астасқан сәулет өнерінен Ясауи кесенесі мен Әмір Темір кезеңінен өрнектелген. Шаһарға ат басын бұрған, қонақ болған әрбір азамат үшін әсемдігімен көздің жауын алатын арнайы фото-зона жасалып, абаттандыру жұмыстары қолға алынған.

Қасиетті Түркістанның Шымкент қаласы жағынан кірер қақпасы аса үлкен маңызға ие. Себебі, Орта Азия елдерінен келетін туристер мен қонақтарды жоғары деңгейде күтіп алу, үлкен мүмкіндіктерге жол ашпақ. Басты жоспар бойынша жоғарыда аталған аймақтағы ең алып туризм орталығына айналуға тиісті Түркістан үшін бұл жақтан келетін қонақтар басты назарда. Демек, бұл жолғы монументтің де қала келешегі үшін маңызы жоғары боларына үлкен скеніммен қарауға толық негіз бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *