ЖАҢА НЫСАНДАР РУХАНИ ШАҺАРДЫҢ КЕЛБЕТІН АЙШЫҚТАЙ ТҮСТІ

ЖАҢА НЫСАНДАР РУХАНИ ШАҺАРДЫҢ КЕЛБЕТІН АЙШЫҚТАЙ ТҮСТІ

24 просмотров

ЖАҢА НЫСАНДАР РУХАНИ ШАҺАРДЫҢ КЕЛБЕТІН АЙШЫҚТАЙ ТҮСТІ

Бүгінгі таңда күнделікті тіршілікпен қалада құрылысы жүргізіліп жатқан көптеген нысандардың ел игілігіне беріліп жатқанын да байқамауымыз мүмкін. Қазіргі күнде Түркістан қаласында облыс әкімдігінің ғимараты, «Нұр-Сұлтан» алаңы, «Алатау» медиа орталығы, олимпиадалық резерв спорт мектебі, «Ақжайық» музыкалық мектебі, Азаматтарға арналған үкімет ғимараты, шығыс моншасы, қабылдау орталығы, музыкалық субұрқақ, амфитеатр, неке сарайы, «Түркістан» Халықаралық автовокзалы ел игілігіне берілді. Жаңа кейіпке еніп көркейе түскен қаланың ажарын енді таяу күндері пайдалануға берілетін нысандар айшықтай түспек. Облыстық басқармалар ғимараты, аумақтық департаменттер ғимараты, конгресс орталығы, оқушылар сарайы, 7000 орындық «Turkistan Arena» стадионы, жабық бассейні бар спорт кешені, «Жібек жолы» аттракциондар саябағы, ғылыми әмбебап кітапхана, Ұлы дала елі орталығы, Қ.А.Ясауи мұражайы, драма театр, Тұңғыш Президент саябағы, цифрлық кеңсе, смарт сити байланыс желілері, 900 орындық мектеп, «Түркістан» халықаралық әуежайы тұрғындар үшін есігін айқара ашпақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *