ЖАҢА УНИВЕРСИТЕТ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

ЖАҢА УНИВЕРСИТЕТ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

119 просмотров

ЖАҢА УНИВЕРСИТЕТ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

Түркістан мол мүмкіндіктер қаласына айналды. Әсіресе жастар үшін жағымды жаңалықтар жетерлік. Күн сайын түрленген шаһардағы тың бастамалар Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға ниетті талапкерлердің жарқын болашағына жол ашады.

ЖАҢА УНИВЕРСИТЕТ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

Облыс орталығы атанғанына 2 жыл толған Түркістанда енді Халықаралық дәрежедегі «Туризм және меймандостық» университеті ашылмақ. Еліміздің туризм саласының даму ошағына айналатын оқу ордасы Елбасының бастамасымен және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР-ның Мәдениет және спорт министрлігі жанынан құрылды.

Университет түлектері оқуын тәмамдағанда қолына халықаралық үлгідегі екі диплом (қазақстандық және шетелдік серіктес ЖОО) алады. Әрине бұл олардың әлемнің кез келген жерінде өз мамандығы бойынша еш кедергісіз жұмыс жасай алуына мүмкіндік сыйлайды. Оқытушылар халықаралық тәжірибеге сүйене отырып және Еуропа, Орталық Азия елдерінің жетекші жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларының негізінде білім береді.

Жоғары оқу орнының ректоры Майнура Советқызының айтуынша, туризм мамандығына 700, дене шынықтыру мамандығы бойынша 100 оқу гранты белгіленген. Оқу ордасының мақсаты – туризм және спорт бағытында білікті мамандар дайындау. Себебі, туризм және меймандостық салаларындағы жоғары білікті кадрларға деген қажеттілік болашақта үнемі өсе бермек.

Студенттер үшін қазақстандық және шетелдік профессорлар, ғылым докторлары мен туризм және сервис саласындағы алдыңғы қатарлы ірі компаниялардың ТОП-менеджерлерінен тұратын тәжірибелі оқытушылар дәріс беретін болады. Яғни, теориялық білімнің жоғары деңгейін алуға және оларды шетелдік практикамен ұштастыруға, оның ішінде БҰҰ Халықаралық туристік ұйымында (UNWTO) нығайтуға мүмкіндік мол.

Жаңа оқу ордасының студенттері білім алумен қатар, қосымша жатақханамен қамтылады. Алғашқы оқу жылы қазан айында басталады деп жоспарланған. Республикалық ҰБТ нәтижесінен кейін (Байбұрт көшесі №5, Амфитеатр) университетке талапкерлердің құжаттарын қабылдау басталады.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *