Жайықтан ұзындығы 2 метрден асатын бекіре ауланды

Жайықтан ұзындығы 2 метрден асатын бекіре ауланды

38 просмотров

Жайықтан ұзындығы 2 метрден асатын бекіре ауланды

Кеше Атырау облысында балықшылар Жайық өзенінен ұзындығы 2 метрден асатын бекіре тұқымдас балықтарды аулады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жексенбіде Төменгі Пешной балық аулау учаскесінде бекіре тұқымдас бағалы балықтың 4 данасы ауланды. Оның үшеуі орыс бекіресі түріне жатады. Бір бекіренің ұзындығы –2 метр 20 см. Салмағы –248 кг. Ал, өзге үшеуінің ұзындығы 80 см мен 1 метр аралығында», — деп хабарлады Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының табиғи ресурстарды қорғау бөлімі басшысының міндетін атқарушы атқарушы Олег Тушканов.

Оның мәлім етуінше, бағалы балықтар бекіре шабағын өсіру зауытына тапсырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *