ЖАҚСЫ КӨҢІЛ КҮЙ – ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫ

ЖАҚСЫ КӨҢІЛ КҮЙ – ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫ

101 просмотров

ЖАҚСЫ КӨҢІЛ КҮЙ – ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫ

Түлкібаста аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың күндізгі қатынау бөлімшесінде, аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен шашка, шахмат, домино сияқты спорттық ойын түрлерінен іс-шара өтті.

ЖАҚСЫ КӨҢІЛ КҮЙ – ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫ
ЖАҚСЫ КӨҢІЛ КҮЙ – ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫ

Шара барысында ең алдымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жақсы көңіл күй – жан тыныштығы» атты психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты балаларды қоршаған ортада өзін еркін ұстауға, айналадағы адамдармен қарым –қатынас құруды үйрету. Және тренингтен бөлек балалардың дамуына қарай әр түрлі ойын жаттығулары өткізілді. Жалпы спорттық ойындарға қатысқан барлық 24 балаға спорт бөлімінің ұйымдастыруымен және демеушілігімен бағалы сыйлықтар үлестірілді. Оларды іс-шараға арнайы келген спорт бөлімінің басшысы П. Абиханов және бас маманы Б. Темірәлиев табыстады. Ұйымдастырушылар осындай игі шаралар әліде өз жалғасын табатынын жеткізді.

ЖАҚСЫ КӨҢІЛ КҮЙ – ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *