ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

22 просмотров

ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«Таза ауыл» экологиялық акциясы аясында Түлкібас ауданында сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына аудан тұрғындары бір кісідей атсалысып, қураған тал бұтақтары кесіліп, арық-атыздар мен аудан көшелері қоқыстардан тазартылды.
Өскелең ұрпақты еңбек сүйгіштікке шақыратын тәрбиелік мәні зор шараға Дихан баба елді мекенінің тұрғындары жаппай қатысып, көпшілікпен бірге тазалық жұмыстарына атсалысты. «Бұйыртса, осы ағаштардың саясында әлі талай отырып, демаламыз» деген ауыл қариялары аптаның әр сенбісін тазалыққа арнап, келер ұрпаққа өнеге болып жүрген ел азаматтарының ісіне сүйсініп, қызу еңбекке өздері де атсалысты. Ауыл – ортақ үйіміз. Сондықтан, оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға ат салысуы қажет. Өйткені, ортақ үйіміздің көркеюі өз ауламызды таза ұстаудан басталатыны белгілі. Сенбілік барысында осыны жастарға сабақ еткен тұрғындар қаймағы бұзылмас ынтымақ пен бірліктің ерен үлгісін көрсетті.
Тазалық — тәртіптің тірегі, денсаулық кепілі және дамудың тетігі. Әр сенбі күні аудан тұрғындарын өз аулаларымен көше бойларында сенбіліктер ұйымдастыруға шақырамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *