ЖАМБЫЛДАН КӨМЕК КЕЛДІ

ЖАМБЫЛДАН КӨМЕК КЕЛДІ

20 просмотров

ЖАМБЫЛДАН КӨМЕК КЕЛДІ

Көршіге көмек, жәрдем жібердік. Мақтаралға 10 млн теңгеден астам қаржы көлемінде 15 тонна азық-түлік жөнелттік. Бұл «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының жасаған жәрдемі. «Жамбылдық «нұротандықтар» — Мақтаралдықтармен бірге!» ұранымен өз өңіріміздегі партия филиалдары аянбай ат салысты. Автокөліктерге тиеп, азық-түлік жеткізді. Көмек беруге асыққан аймағымыздағы көптеген кәсіпкерлерге алғыс! Апатты ауданға алдымен ең керекті тұрмыстық тауарларларды тиедік. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға және балаларға арналған көпбейімді қоларбаны (инвалидная коляска) арнайы алдыртып, жолдадық. Естеріңізде болса, еліміз бойынша ең бірінші болып Мақтарал ауданына гуманитарлық көмекті де Жамбыл облысы жіберген болатын. Облыс әкімі, партия филиалының Төрағасы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен су тасқынынан зардап шеккендерге жәрдем көзі жедел жеткен еді.
Мен өзіміздің «Jas Otan» жастар қанатының волонтер жастарына алғыс айтқым келеді. Қанар-қанар заттар мен қапшық-қапшық ұндарды көтеріп, көмек көрсетуге асықты. Олар сондай-ақ, тұрмыстық заттарды жүк көлігіне тиеп, жолға шықты. Ал, ақпараттық қолдау көрсеткен барлық БАҚ өкілдеріне ризашылығымды білдіремін. Жақсылығымызды асыра берейік. Жолға шыққан жасотандық жастарымызға Түркістан облысы, Мақтарал ауданына аман-есен жетулерін тілейік! Сәт сапар! Ауылдас ағайынға көмекке асыққандарға ақ жол болсын!

Балабек Нарбаев, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *