ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ҚЫЛМЫСТЫ АЛДЫН-АЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ҚЫЛМЫСТЫ АЛДЫН-АЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

39 просмотров

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ҚЫЛМЫСТЫ АЛДЫН-АЛУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Төлеби ауданы прокуроры Дәулет Бекбашұлының бастамасымен құрылған мобильді топ мүшелері балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеуге байланысты кездесулері жалғасуда.

Мобильді топтың кезекті кездесуі Қ.Мамытов атындағы жалпы орта мектебінің оқушыларымен өтті. Д.Тлемисов оқушылармен еркін пікір алмасып, оқушылардың толғандырған сұрақтарына жауап берді. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, суицидттің зардаптарын айтып, оның алдын алу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамалары түсіндіріліп, кәмелетке толмаған жасты қылмыс жасаған немесе заңды бұзған жағдайда қандай жазалар күтілетіндігі айтылды. Аудан прокуроры оқушыларға бос уақытын тиімді пайдаланып, спорттық үйірмелерге баруға кеңес берді.

Жас жеткіншектер арасындағы қылмыс, құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау бойынша өткізілетін кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *