ЖАС ҒАЛЫМДАР ТОП ЖАРДЫ

ЖАС ҒАЛЫМДАР ТОП ЖАРДЫ

126 просмотров

ЖАС ҒАЛЫМДАР ТОП ЖАРДЫ

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласындағы «Дарын» мектебінің оқушылары жуырда Алматы қаласында өткен ғылыми жобалар конкурсында топ жарды. Еліміздің түкпір-түкпірінен 800-ге тарта оқушы қатысқан білім додасында кенді кенттен барған 28 оқушының 12-і жеңіс тұғырынан көрінді. Оның ішінде 7-і ІІ орынды еншілеп, күміс медалға ие болды. Ал, 5 оқушы ІІІ орынның көгінен көрініп, қола медалдың сыңғырымен ұстаздарын қуантты. Қалған 14 оқушы арнайы Мақтау қағаздарымен марапатталды. Жас ғалымдарға табысталған Дипломдарға білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қолы қойылған.
Жалпы, Кентау қаласындағы «Дарын» мектебі талайдан бері биік белестерді бағындырып, біршама шәкірттердің білімін шыңдап келеді. Білікті басшы, ізденімпаз ұстаз Нұргүл Есқалиқызының басқаруындағы бұл білім шаңырағы үнемі креативті оқушылардың арқасында облыста алдыңғы легтен көрініп, бүгінде бірнеше жүлдені қанжығаларына байлап отыр. Республикалық бәсі жоғары білім бәсекесінде топ жарған оқушылардың қатарында Сәрсенбек Лиана, Эркинова Камила, Янковская Дария, Джумадуллаев Бабур, Юнисалиев Шахрух, Махмуталиева Ширин сынды білімді өрендер ІІ орынның туын көкке желбіретіп, мектептің даңқын көтерді. Ал, Аширмет Айдын, Сұлтанбек Жібек, Вахапов Маткарим, Адильжанов Нурсаит, Анарбаев Диас секілді озат оқушылар Ресубликалық сында ІІІ орынға тұрақтады.
Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік болып танылғандар арасында білімі мен қатар ғылымға қызығушылық танытып, оқу озаты мен үлгерімімен алда жүрген 11 «б» сынып оқушысы Сұлтан Әсел де бар. Ол аталған мектептің бітіруші түлегі. Жоба жарысынан ІІ орын алып, ұстаздарының үкілеген үмітін ақтап отыр. Әсел Өлкетану пәнінен «Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен ұлттық симболдарын әлемге таныту» тақырыбында жұмысын сәтті қорғап шықты. Осы ретте мектеп оқушылары және Дара Садуова ғылыми жоба жарысына уақытқа бағыгбай дайындаған ұстаздарына ақжарма алғыстарын айтып, жеңіске жетулеріне мұғалімдері мен ата-аналарының ықпалы зор екендіктерін ерекше атап өтті.
Ақмарал ҒАНИҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *